ТЕЗИСТЕР ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАР ТАПСЫРУ ШАРТТАРЫ

Постерлік баяндамалар (стендтік баяндама)
Ауызша баяндамалар (презентациялар)
Ғылыми материалдар жинағындағы жарияланым

Материалдарды қабылдаудың аяқталуы – 2017 жылдың 15 желтоқсаны

2017 жылдың 30 қарашасына дейін Ғылыми комитет материалды конференцияның сәйкес тарауларына (постерлік баяндамалар, пленарлық немесе қосарлас сессияларға қатысу, ғылыми материалдар жинағындағы жарияланым) қабылдау туралы растау хатын жібереді.

1 Материал тапсыру үшін сайтта тіркеліп, тіркелу жарнасын төлеу қажет, тіркелу шарттарын қараңыз
2 Материал тапсыру үшін Ғылыми комитеттің электронды поштасы: mhconf.science@gmail.com
3 Тапсырылатын материалдың мазмұны Конференция тақырыбына сай болуы тиіс, Конференция тұжырымдамасын қараңыз
4 Материал тапсыру туралы өтініш төменде келтірілген талаптарға сай рәсімделуі тиіс: Постерлік баяндама жасау туралы өтініш,

тапсыру шарттарын жүктеу
Ғылыми мақала жариялау туралы өтініш (Конференция жинағында жариялау),
тапсыру шарттарын жүктеу
Ауызша баяндама/презентация жасауға өтініш, тапсыру шарттарын жүктеу.
5 Тіркелген бір қатысушы ең көбі екі өтініш бере алады.
6 Материалдар Ғылыми комитетпен мақұлданған соң және тіркелу жарнасы төленген соң, Конференцияның ғылыми материалдар жинағына және/немесе бағдарламасына енгізіледі. Ғылыми комитет Конференция тақырыбына немесе рәсімдеу талаптарына сай келмейтін немесе 2017 жылдың 15 желтоқсанынан кешіктіріліп тапсырылған материалдарды қабылдаудан бас тартуға құқылы.
7 Авторларға Ғылыми комитеттік шешімі туралы 2017 жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей хабарланады.
8 Конференцияға тіркелген қатысушылар Конгресстің ғылыми материалдар жинағын алады.