Алматыға қош келдіңіз!

Алматы қаласы

Алматы қаласы, бүкіл ХХ ғасыр бойы Қазақстан астанасы болды, оның атауы «алмалы» немесе «алманың атасы» дегенді білдіреді. Мұнда елдің барлық әкімшілік және мәдени мекемелері орналасты, бірақ, 1997 жылы ел ордасы Астанаға көшірілді. Дегенмен, қала өз мәртебесінен айырылмай, енді көбінесе елдің Оңтүстік астанасы деп аталады.

150 жылдық тарихында қалада ондаған атаулы ескерткіштер, сәулет өнерінің інжу-маржанына айналған көрікті орындар, мұражайлар, саябақтар және көптеген басқа да нысандар тұрғызылды. Бүгінгі күні де Алматы қонақтары өсіп-өркендеуін еш тоқтатпайтын қала тарихымен және мәдениетімен таныса алады. Оған қоса, Алматы маңайында табиғаты көз сүйсіндіретін түрлі орындар және биік таулы аймақтағы Медеу мұз айдыны бар.

Шымбұлақ тау шаңғысы шипажайы

«Шымбұлақ» тау шаңғысы шипажайы Алматы қаласының орталығынан 25 шақырымда теңіз деңгейінен 2260 м биіктікте Іле Алатауының ерекше әдемі шатқалында орналасқан. Жазда орташа ауа температурасы +20С, қыста -7С болады. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 150 см дейін жетеді, жыл ішіндегі күн шуақты күндер саны 90% дейін болады. Қар жамылғысы қараша-мамыр аралығында жатады. Тау шаңғысына арналған жоларналарға екі қосарлы орындықты, бір орындықты және ілмекті арқанжол, сонымен бірге, тегін сүйретіп көтергіш қызмет етеді. 2003 жылдан бері экстремалдық сырғанауды ұнататындырға жаңа аймақ ашқан 4 орындық жол пайдалануға берілді. Көтергіштер Сізді теңіз деңгейінен 2260 м биіктіктен Талғар асуына (3163 м) дейін көтере алады, биіктік айырмасы – 903 м. Жоларналар үш қар тығыздаушы машиналармен (Ратрак) дайындалады.

Үлкен Алматы көлі

Үлкен Алматы көлі жер сілкінісі салдарынан пайда болған. Көлді жан-жағынан таулар қоршап тұр, олардың ішінде теңіз деңгейінен 4317 метр биіктіктегі Советов шыңы, теңіз деңгейінен 4110 метр биіктіктегі Озерный шыңы және биіктігі 3954 метрлік Турист шыңы бар. Көл жағасы тік, құлама келеді. Көл суы тіпті жазда да айтарлықтай суық. Жыл мезгіліне қарай су жазда күңгірт сары түстен күзде көгілдір-көкшіл түсті алуан түрлі реңктерге боялады. Көл - өте әдемі, әсіресе, таңертең, еңселі маңғаз таулар көл бетінен өз бейнесіне тамсанған сәтте ерекше көркем. Қыста көлдің су қатады.