Конференцияның Ғылыми комитетінің жетекшісі Профессор Марко Саркьяпоне

Құрметті әріптестер,

«Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту» 1-ші Халықаралық Қазақстандық конференциясы 19-20 қаңтар 2018 жылы Қазақстанда, Алматы қаласында өтеді.

Конференция мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайтудың тиімді, әрі нақты деректерге сүйенетін әдістемелерін анықтау.

Серіктестеріміздің атынан, сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) атынан сіздерді бізге қосылып, осы Конференцияға қатысуға қуана шақырамыз.

Мен осы Конференция саясаткерлердің, денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы басшылардың, психиатрлар мен психологтардың басын біріктіріп, сондай-ақ, ғылыми-зерттеу ортасындағы әріптестерімізбен бірігіп, барлығымыз жұмыла балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын әрі қарай нығайтуға қала септесе алатынымызды және олардың арасындағы аса ұрымтал және қорғансыздарына қалай қолдау көрсете алатынымызды өзара келісіп алуға керемет мүмкіндік беретініне кәміл сенемін.

Конференция түптеп келгенде балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығына қатысты түйіткілді мәселелерді айқындау және олардың шешімін табу мақсатында елдер мен аймақтар арасында тәжірибе алмасуға, соңғы зерттеулер мен әдістер арқасында туындап жатқан мүмкіндіктерді іздестіруге, әлдеқайда жетілдірілген саясаттарды ұтымды пайдалануға септеседі деп үміттенемін. Осы мақсатқа жету үшін Конференция ілгері бастыруға және белсене күш біріктіруді талқылауға арналған тұғырнамамен қамтамасыз етеді. Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайтуға және суицидтердің алдын алуға қатысты нақты деректерге негізделген әдістемелер, озық әдіс-тәсілдер, зерттеулер, инновациялар мен инвестициялар мәселелері пленарлық және қатарлас тақырыптық сессияларда, сонымен қатар, постерлік таныстырылымдар арқылы қаралатын болады.

Сіздерді Қазақстанда, дүние жүзінде жер көлемі жағынан тоғызыншы орын алатын елде қуана қарсы аламыз!

Профессор Марко Саркьяпоне, Конференция Президенті, Конференцияның Ғылыми комитетінің жетекшісі.